Жаңалықтар

Жыл басынан бері 169 бала терезеден құлап кеткен: полиция үндеу жасады

Полиция ата-аналарды сақ болуға шақырды/фото: shutterstock

Жыл басынан бері 169 бала терезеден құлап кеткен. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жазда терезелердің ашық тұратынына байланысты балалардың құлап кету қаупі артады.

«Әсіресе 2 және 5 жас аралығындағы балалар қауіп-қатерге жиі ұшырайды. Жыл басынан бері елімізде балалардың терезеден құлауының 169 дерегі тіркелді, оның 14-і қайғылы оқиғамен аяқталды», – деп хабарлады полиция.

Соған байланысты баланы терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға, жиһазды терезеден алыс жерге қойып, мүмкіндігінше терезелерге қорғаныс торларын орнатуға шақырды

Айта кетейік, елде шомылу маусымы басталғалы 69 бала қаза тапқан.