Жаңалықтар

Атырауда алимент төлемеген әке 1 жылға сотталып, 7 миллион теңге төлейтін болды

shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Атырау қаласында баласына ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарған азаматқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сот шешімімен ол 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, сондай-ақ 7 миллион теңгеден астам алимент берешегін өтеуге міндеттелген.

Қазіргі уақытта сотталған азамат Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынып, сот жүктеген міндеттердің орындалуы бақылауға алынған.

Пробация қызметкерлері азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізіп, заң талаптарын сақтау, берешекті өтеу және қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ал Балқаш қаласында зейнеткер алимент өндіру үшін қызын сотқа берген еді.