
«Челсидің» аңызға айналған шабуылшысы Дидье Дрогба қазақстандық жас талант Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты пікір білдіргені туралы ақпарат тарады. Ақпаратта 17 жастағы шабуылшыға жалға беріліп кетпей, лондондық ұжымның сапында қалып, өз орны үшін күрескен жөн екені айтылған.
CFC F_Boy порталы таратқан дерекке сүйенсек, Дрогба Сәтбаевтың ойынын тұрақты бақылап жүр, әсіресе Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы кездесудегі өнеріне жоғары баға берген.
«Реалға» қарсы ойын шеберліктің айғағы
Дидье Дрогба жас футболшының қарым-қабілетін ерекше атап өтіп, «Челси» басшылығын оған сенім білдіруге шақырды:
«Оның өсіп-өркендеуі үшін «Челсиден» жақсы клуб жоқ. Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы қалай өнер көрсеткенін бәріміз де көрдік. Азулы да тәжірибелі қарсыластың өзі жас ойыншының шеберлігіне сүйсінді», – деді ол.
Аңыз футболшының сөзінше, Дастанның бойында жоғары деңгейде өнер көрсетуге қажетті деңгей де, өзіне деген сенімділік те, мінез де бар.
Ойдан құрастырылған әңгіме
Алайда жоғарыда айтылған әңгіме өмірде болмаған. CFC F_Boy порталының авторы мұны ойдан құрастыра салған болып шықты. Парақша сипаттамасында «Футбол туралы ойдан шығарылған оқиғалар | Талдау | Ессіз пікірлер | Әзіл-қалжың» деп жазылған.
Оқи отырыңыз: Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы ойынын өткізіп үлгірді.