
Қазақстан үкіметі коммерциялық бағыттағы баспананың бағасын реттемегенімен, әлеуметтік тұрғын үйлердің қымбаттауына жол бермейді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Ел аумағында коммерциялық тұрғын үй бағасы орта есеппен шаршы метріне 617 мың теңгені құрайды.
«Әлеуметтік баспанаға келер болсақ, үкімет пен министрліктің мүддесі айқын. Әлеуметтік тұрғын үйлердің бағасын қатаң қадағалаймыз. Әр аймақта нақты белгіленген. Ал коммерциялық үйлердің құны ұсыныс мен сұраныс негізінде қалыптасады», – деді министр.
Бұл ретте Нағаспаев еркін нарықтағы баспана бағасына қатысты болжам айтудан бас тартты.
Қазақстандағы тұрғын үй нарығында баға айырмасы «Астана мен Алматы қымбат» деген түсініктен әлдеқайда күрделі болып тұр.
2026 жылғы маусымдағы дерекке қарасақ, екі мегаполис әлі де елдегі ең қымбат нарық саналады. Бірақ өңірлердің ішінде де баға қатты алшақтай бастаған.