Жаңалықтар

Әуежай VIP-залына кіру құқығына вице-президент, Құрылтай спикері ие болды

Назарбаев әуежайының VIP залы
Астанадағы әуежайдың VIP-залы / фото: Назарбаев әуежайы

Қазақстандағы әуежайлардан тексерусіз өту құқығына ие шенеуніктер тізімі толықтырылды. Енді VIP-залға кіру мәртебесіне вице-президент, Құрылтай төрағасы, Қазақстан халық кеңесінің төрағасы ие болды.

Үкімет жаңа тәртіпті 2026 жылғы 14 шілдеде қабылдаған қаулысымен бекітті. Тізімдегілерге әуежайдың арнайы белгіленген залдарында қызмет көрсетіледі.

Алматы халықаралық әуежайының VIP залы
Оңтүстік астанадағы халықаралық әуежайдың VIP-залы / фото: Алматы әуежайы

Қаулыда VIP залдарға кіру құқығына ие шенеуніктер тізімі нақтыланған. Мұндай құқыққа астана, облыстар және республикалық маңызға ие қалалар әкімі, құрылтай комитеттерінің төрағалары, құрылтай депутаттары, парламент аппаратының жетекшілері, Конституциялық сот төрағасы ие.

Сонымен бірге Қазақстанның президент басқаратын делегациясының мүшелері, премьер-министр, вице-премьер, құрылтай төрағасының орынбасарлары, сыртқы істер министрі және үкіметтің басқа да мүшелеріне әуежайда ерекше қызмет көрсетіледі.

Айта кетейік, Құрылтай сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Ал жаңадан енгізілетін вице-президент қызметі қыркүйекте Құрылтай жұмысқа кіріскеннен кейін ғана бекітіледі.

Тақырыпқа орай: Саясаттанушы вице-президент қызметінен кімдер үмітті