Lifestyle

Айым Сейтметова жолдасы Талғат Итаевпен ажырасып жатқанын айтты

фото: instagram

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейтметова әлеуметтік желідегі оқырмандарының ойын растағандай болды. Ол күйеуі Талғат Итаевпен ажырасу процесінің жүріп жатқанын көрсетіп, жеке өміріндегі қиын кезең туралы айтты.

Актриса Instagram парақшасының сторис бөлімінде құжаттарын дайындап жүрген сәтін көрсетіп, Қазақстанда ажырасу процесінің оңайға соқпай жатқанын жазды.

«Қазақстанда ажырасу үшін тұтас квесттен өту керек сияқты. Онлайн өтінішті 3 рет қабылдамай қойды», – деп ағынан жарылды Айым.

Осы жазбасынан кейін Айым Сейтметова сезімдегі опасыздық пен сатқындық тақырыбында тағы бір эмоционалды сторис қалдырды:

«Физикалық түрде көзге шөп салудан көрі, эмоноцианалды опасыздық ауыр тиеді екен. Еркектер, аманаттарыңызды бағалаңыздар».

Желі қолданушылары мен оқырмандар бұл сөздерді блогердің отбасылық өмірінде орын алған келеңсіздіктердің негізгі себебі деп болжап отыр. Алайда жұп әлі де ресми түрде толық түсініктеме берген жоқ.

Оқи отырыңыз: Көз жасына ерік берген блогер Айым Сейтметова желі қолданушыларына жауап берді.