
Үкімет Алакөл жағалауына бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді. Қаражат ұзындығы 6 шақырым қорғаныс бөгетін салуға жұмсалады. Бөгеттің 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, 3,5 шақырымы Ақши ауылы ішіне кіреді.
2025 жылы 1,7 шақырым учаскеде жер қазу, бетон құю жұмыстары жүргізілді. Жалпы жұмыс өңірдегі туризмді дамытып, Алакөл жағалауын шайып кетудің алдын алуға бағытталған.
Айта кетейік, кейінгі екі жылда Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай Солтүстік Қазақстан және Павлодар сияқты алты өңірде жалпы ұзындығы 243 шақырым қорғаныс бөгеті салынып, нығайтылды.
Ресми дерек бойынша, 2025 жылы Алакөлге 1,85 млн-нан астам турист келген (биыл 2 миллионнан асуы мүмкін). Алайда Ұлттық статистика бюросының есебінде небәрі 147 мың адам көрсетілген. Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкерлер салықтан жалтару үшін демалушылар санын жасырып келеді.