
Салтанат Нүкенованың қазасынан кейін 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығатын болды. Ақпаратты адвокат Ғазиз Ынтықбаев растады.
«Бүгін сот отырысы өтті. Cтепногор қаласы соты Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны бірден босату туралы қаулы шығарды. Өтелмеген жаза мерзімі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады», – деп жауап берді адвокат.
Байжанов 2024 жылдың 13 мамыры 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Содан кейін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты Амнистия туралы Заң аясында сотталғанның жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі 1/3-ке қысқартылып, қалған өтеу мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленді.
2026 жылдың мамырында Байжанов кассациялық сотқа жүгініп, жазасын жеңілдетуді сұрады. Алайда сот екінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.