Lifestyle

Блогерлерді талқылаймын деген Ләйлә Сұлтанқызы сын астында қалды

Блогерлерді талқылаймын деген Ләйлә Сұлтанқызы сын астында қалды / Фото: Instagram

Белгілі блогерлер Айым Сейтметова мен Талғат Итаевтың жеке өмірі туралы жазба қалдырғаннан кейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сын астында қалды.

«Айым мен Талғат соңында татуласатынын білемін, бірақ, дәлелдей алмаймын», – деп жазды тележүргізуші Threads парақшасында.

Посмотреть в Threads

Алайда оның бұл жазбасына көптеген сыни пікірлер болды. Көпшілік оған басқа адамдардың жеке өміріне араласты деп айыптап отыр.

«Жеке өмірінде не шаруаңыз бар ? Сіз халық алдында талқылайтын зат па сол ? Үлкен аудиторияңыз бар екен, дұрыс дүние жазсаңызшы» немесе «Дәл сіздің айтатын тақырып емес еді бұл», – деп жазды қолданушылар.

Айта кетейік, осыған дейін Айым Сейтметова жолдасы Талғат Итаевпен ажырасып жатқанын айтқан еді.