Қоғам

Рақымшылыққа іліккен Бақытжан Байжанов 6 жыл бақылауда болады

Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған/фото: Айгерім Таубай

Рақымшылыққа іліккен Бақытжан Байжанов бостандыққа шыққаннан кейін пробациялық бақылауда болады. ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, сотталғанға 6 жыл әкімшілік қадағалау жүргізіледі.

Айта кетейік, Байжанов «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес босап шықты. Ол 2024 жылдың мамырында 4 жылға сотталған. Байжанов Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық кезінде де жаза мерзімін қысқартып алды. Осылайша жазасының өтелмеген мерзімі 3 ай 18 күн. 

«Сот қаулысымен Бақытжан Байжановқа пробациялық бақылау белгіленіп, 6 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындалды», – деп хабарлады комитет.

Бишімбаев пен Байжанов сотталды

2024 жылдың 13 мамырында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты.

Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Байжановты 4 жылға сотталды.