
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шетелдердегі Төтенше және Өкілетті елшілері арасында ауыс-түйіс жасады.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Амангелді Ғазезұлы Саинов болса, Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Мұның алдында Тоқаев Испания Королін Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтаған еді.