Жаңалықтар

Үш донор өңір бюджетке жарты триллион теңгеге жуық қаржы аударды

Донор өңірлер 0,5 трлн теңге аударды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың алғашқы алты айында негізгі донор өңірлер республикалық бюджетке 454,9 млрд теңге бағыттаған.

Ең үлкен үлес Алматы қаласына тиесілі. Мегаполистен бюджетке 319,3 млрд теңге түсті. Бұл үш донор өңірден жиналған қаражаттың шамамен 70%-ы. Астананың үлесі – 73,7 млрд теңге, ал Атырау облысы 61,8 млрд теңге аударған.

Республикалық бюджеттің донор өңірлері

Донор өңір дегеніміз тек салықты көп төлейтін аймақ емес. Бұл экономикасы қуатты, бизнесі шоғырланған және өз кірісі шығынынан жоғары өңір. Мұндай аймақтар республикалық бюджеттен тұрақты дотация алмайды, керісінше табысының бір бөлігін басқа өңірлердің шығынын теңестіруге береді.

Алматыда қаржы, сауда және қызмет көрсету салалары дамыған. Астанада ірі компаниялар мен құрылыс белсенділігі жоғары. Атыраудың донорлық әлеуетін мұнай-газ секторындағы ірі кәсіпорындар қалыптастырады.

Бюджет кірісінің негізін салықтар құрағанымен, оған мемлекеттік баждар, түрлі төлемдер, айыппұлдар және басқа да міндетті түсімдер кіреді. Сондықтан донор мәртебесі өңірдегі жалпы экономикалық белсенділікті көрсетеді.