Lifestyle

Бақыт Тұрман Айнұр Бектұрғанды Айнұр Тұрсынбаева мен Ерке Есмаханға теңеді

коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желі арқылы сотуар жарнамалаған психолог, коуч  Айнұр Бектұрғанға кеңес берді.

Оны Айнұр Тұрсынбаева мен Ерке Есмаханның сүрлеуімен кетті деп сын айтты. Бұған арзанқол бұйымдарды «бір сотуарға бүкіл аналардың махаббатын сыйғыздық» деп көпшілікке ұсына бастауы түрткі болып отыр.

«Сізді осыған дейін тыңдап «әйтеуір халықтың қалтасына түспей, тегін ақыл айтатын адам табылды ау» деп ойларыңызға тәнті болып жүр едім. Бір қыздырып алып, әңгімелеріңізге аңқау әйелдерді байлап, сонша ақшаға тренинг өткізіп… Енді мынау Айнұр Тұрсынбаева, Ерке Есмахан сынды арзан әшекейлерді қымбатқа сатқаныңыз дұрыс болмады», – деді Бақыт Тұрман.  

Оның пікірінше, бұл – «лохотрон». Тағы да «аңқау халықтың кіршіксіз көңілін жаулаған, жалған үміт таққан, қиындығына қиындық қосқан әрекет».

«Түр-әлпетіңізге қарасам, жағдайыңыз жаман адам емес сияқты. Соншалықты ақыл болса, жеткізгіңіз келсе, тегін-ақ істесеңізші. Сол сіздің әкеңізден қалған ақылды пайдаға жаратып, Алла разылығы үшін жасаған амалыңыз болсын!» – деді Бақыт Тұрман.

Ол әйелдерді көп адамның жұмыс істемей ақша тапқысы келетінін айтып, кез келген адамға сене бермеуге шақырып отыр.

Мұның алдында Бақыт Тұрман Қайрат Әділгерейді не үшін жар етіп таңдағанын айтқан еді.