Жаңалықтар

Аэротакси алғаш рет Астана қаласында ұшырылды (видео)

Аэротакси Астана қаласында
Аэротакси ұшуға дайын / фото: Kursiv.Media, Серікжан Қобыланбаев

24 шілдеде Астанада қаласында аэротакси алғаш рет әуеге көтерілді. Электрлі аппаратты ұшыру «Қазанат» ипподромы аумағында ұйымдастырылды.

eVTOL AutoFlight Prosperity аппаратымен бір ұшқыш және бес жолаушы ұша алады. Әуе кемесі сағатына 200 км жылдамдықпен ұшып, дәл сондай қашықтықты еңсере алады.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/07/aerotaksi.mp4

Іс-шараны «Alatau Advance Air Group Ltd.» (AAAG) компаниясы мен AutoFlight қытай компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, eVTOL алғаш рет Қазақстанда 2026 жылғы мамырда Алатау қаласында әуеге көтерілген.