
Алматы қаласында тозығы жеткен су құбырлары мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жөнделіп жатыр. Бұл туралы Kursiv.Media Бас прокуратура мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Құзырлы мекеме мәліметіне қарағанда, мегаполистің Медеу ауданындағы «Татарка» және «Малая Станица» шағын аудандарында жалпы ұзындығы 28 км су желісі жөнделеді. Ауқымды жоба іске асып жатыр.
Соның арқасында 7,3 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған жүйеден су ішеді. Коммуналдық инфрақұрылым сапасы, халықтың өмір сүру жағдайы жақсарады.
Жаңа су желілері «Алматы Су» мекемесіне беріледі. Кәсіпорын құбырларға техникалық қызмет көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен балабақша салынды.
Активтер Ескі Қазақстан шенеуніктері мен ықпалды кәсіпкерлерінен қайтарылып жатыр. Олар ел игілігіне жұмсалуға тиіс.