
Сауд Арабиясының ханзадасы Абдулла бин Фахад әл-Саудтың мәйіті Лондондағы Marriott қонақүйінде 2025 жылғы 25 қарашада табылған. Оның есірткі мен алкогольді араластырып ішкені енді ғана мәлім болып отыр. Сараптама қорытындысын The Telegraph жариялады.
Басылым мәліметінше, марқұмның қанынан үш есе көп мөлшерде алкоголь, гамма-гидроксибутират (GHB), каннабис және ксанакс анықталған. Ханзада мәйіті былтыр күзде 600 фунт стерлинг тұратын нөмірден табылған.
Сот барысында марқұм ішімдікті көп ішкені, есірткіге әуес болғаны айтылған. Ханзада үш ай бойы Лондондағы ауруханада емделген.
Сот тыңдауы барысында 29 жастағы араб жігітінің қонақүйге 19 қарашада бір аптаға орналасқаны айтылды. Соңғы мәрте оны қайтыс болған күні кешке көрген. Ханзада темекі шегу үшін сыртқа шыққан.
Марқұмның денесін жуынатын бөлме еденінен тауып алған. Дәрігерлер оны құтқара алмай, қайтыс болғанын жариялаған.