Қоғам

Бюджеттен 2,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Вьетнамнан елге жеткізілді

Күдіктіге қатысты іс сотқа жолданды/фото: shutterstock

Бюджеттен 2,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Вьетнамнан елге жеткізілді. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Ол Вьетнамнан Қазақстанның «Сот сараптамалары орталығына» қажет затты сатып алу кезінде 2,5 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, 2023-2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті орталық директоры Сатыбалдиев Р.К., Мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Искендерова Д.Б., сондай-ақ «Марк Инвест» ЖШС мен «Direct Services» ЖШС басшысы А.А. Шинтемировамен сөз байласып, жабдықтардың құнын 3 есеге дейін негізсіз көтеру және жалған коммерциялық ұсынысты пайдаланып, бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған.

Сот үкімімен Сатыбалдиев Р.К., Искендерова Д.Б. және Шинтемирова А.А. кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2025 жылдың наурызында ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Биыл жыл басында күдікті Вьетнам аумағында ұсталды. Содан кейін Қазақстанға жеткізілді.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды.