Жаңалықтар

Олимпиада жеңімпаздары мен олардың мұғалімдері қанша сыйақы алады

Халықаралық физика олимпиадасының чемпиондары
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған мұғалімдерге миллиондаған теңге көлемінде сыйақы төленеді.

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, елімізде 2022 жылдан бері мұндай дарынды жастар мен ұстаздарға біржолғы қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.

Сыйақы мөлшері:

  • «Алтын» медаль үшін: 1 500 АЕК-ке дейін;
  • «Күміс» медаль үшін: 1 000 АЕК-ке дейін;
  • «Қола» медаль үшін: 500 АЕК-ке дейін.

Жүлдегер оқушылар қаржылай сыйлықтан бөлек, отандық ЖОО-ларға тегін білім грантын немесе «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқу мүмкіндігін иеленеді.

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерге 8,5-тен 26,5 базалық лауазымдық жалақы аралығында ақшалай сыйақы төленіп, мемлекеттік орден-медальдармен марапатталады.

Шілде айының басында Колумбияда өткен беделді Халықаралық физика олимпиадасына (IPhO-2026) әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысқан болатын. Онда Қазақстан кұрамасы ел тарихында тұңғыш рет абсолютті жеңіске жетіп, бес алтын медальдың барлығын қанжығасына байлады.