Lifestyle

Қырғызстан туралы аңдамай сөйлеген Бота Мианың парақшасы бұғатталып қалды

Бота Миа
фото: instagram

Bota Mia лақап атымен танымал блогер Ақбота Нұрахынның instagram парақшасы бұғатталып қалды. Оған қырғыз қолданушылардың шағымы себеп болуы мүмкін.

Блогер іс-шаралардың бірінде өзіне тілектестік білдіріп, биіктерден көрініп жатқанын айтқан адамға «қандай биік, Қырғызстан деген биік пе» деп қалжыңдайды. Осы бірауыз сөз қырғызстандықтардың көңіліне тиіп, ашуын тудырған. Қолданушылар «Ботаны Қырғызстанда құшақ жайып қарсы алып, сыйлық беріп, жақсы көріп келсе, оның айтып отырғаны мынау» деп ренішін білдіріп жатыр.

Блогердің өзі қолданушылардың біріне өзін дұрыс түсінбей қалғанын айтқан. Десе де көрші ел азаматтары блогерге сancel жасап, instagram парақшасына жаппай шағым түсірген. Көп өтпей блогердің парақшасы бұғатталып қалды.

Қазақстандық қолданушылар арасында ыңғайсыз жағдайға тап болған блогерге араша түсіп жатқандар да, аңдамай сөйлеген өзіне де сол керек деп жатқандар да бар.

Блогердің өзі парақшасы бұғатталғалы жағдайға қатысты жария пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін Bota Mia блогерлер Айым Сейтметова және Мадленмен бірге Қырғызстандағы сән көрсетіліміне қатысып қайтқан.