Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың бапкері оның октагонға қашан оралатынын мәлімдеді

instagram.com/shavkatrakhmonov94, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
instagram.com/shavkatrakhmonov94, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

DAR Team бас бапкері әрі Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров қазақстандық файтердің қашан бабына келетінін айтты.

Sports.kz хабарлауынша, бапкер Майкл Моралеспен жекпе-жегі бойынша әзірге ешқандай келіссөз жүріп жатпағанын жеткізген.

Базровтың айтуынша, Рахмонов ауыр тізе жарақатынан кейін қалпына келуін жалғастырып жатыр.

«Жоқ, әзірге ешқандай келіссөз жоқ. Ең жақсы жағдайда октагонға Жаңа жылдан кейін, ақпан айында ораламыз. Себебі жекпе-жекке дайындық кемінде үш айға созылады. Ол үшін алдымен аяқты толық емдеп алу қажет. Мүмкін, бір жарым айдан кейін толыққанды күресе алатын жағдайға жетеміз. Содан кейін ғана дайындық кезеңі туралы айтуға болады», – деді маман.

Шавкат Рахмонов тізесіндегі ауыр жарақаттың қайта асқынуынан кейін оңалту курсынан өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.

Алайда Шавкат «Номад» Рахмонов ұзақ уақыт бойы октагонға шықпауына байланысты ресми рейтингтен шығып қалған еді.