
Шымкенттегі көлік майын ауыстыру орнынан «Toyota» мен «Lexus» брендімен сатылып келген контрафактілік мотор майының 615 құтысы тәркіленді.
Заңсыз әрекетті Әділет департаментінің мамандары анықтады. Тексеруге аталған брендтердің ресми өкілінен түскен арыз себеп болған. Мамандар май ауыстыру пунктін тексеру барысында танымал брендтердің атын жамылған жалған өнімдердің сақталып, сатылып жатқанын дәлелдеді.
Қазiргi уақытта құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
1 ақпаннан бастап мотор майларын өндірушілер мен сатушылар өз өнімдерін міндетті түрде таңбалауға міндеттелді. Ал жыл басынан бері техникалық сұйықтықтардың құны орта есеппен 16%-ға қымбаттаған.