
Wildberries логистикалық орталықтарындағы шабуылдардан зардап шеккен шағын және орта бизнес сатушыларына несие бойынша үш айлық жеңілдік берілді. Бұл мүмкіндік WB Банкі мен «WB Финанс» микроқаржы компаниясының несиелері мен қарыздарына қатысты және автоматты түрде іске қосылған.
Бұл жеңілдік барлық несие мен қарыз түрлеріне қолданылады. Үш ай бойы негізгі қарызды өтеу және оған есептелетін пайыздарды төлеу тоқтатылады. Кәсіпкерлер келесі төлемді тек қазан айының соңында жасайды.
Несие демалысын алу үшін өтініш беру немесе қосымша құжат тапсыру қажет емес. Жеңілдік автоматты түрде қосылған. Бұл туралы ақпарат сатушылардың жеке кабинеттерінде пайда болған.
Егер кәсіпкерге төлемді кейінге шегеру қажет болмаса, ол жеке кабинетіндегі арнайы батырма арқылы бұл мүмкіндіктен бас тарта алады немесе қолдау қызметіне хабарласа алады.
Компания өкілдерінің айтуынша, ірі бизнес өкілдеріне осындай қолдау көрсету мүмкіндігі әр кәсіпкер бойынша жеке қарастырылмақ.
Айта кетейік, Wildberries компаниясының логистикалық нысандарына қатысты соңғы күндері бірнеше төтенше жағдай тіркелді. Бұған дейін 22 шілдеге қараған түні Ресейдің оңтүстігіндегі екі ірі логистикалық орталыққа – Краснодар өлкесі мен Ставрополь өлкесіндегі Невинномысск қаласында орналасқан қоймаларға шабуыл жасалған болатын.
Ал 24 шілдеге қараған түні Санкт-Петербург маңындағы Ленинград облысында орналасқан тағы бір логистикалық орталықта өрт шыққан.