Жаңалықтар

2026 жылдың 6 айында зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы қанша болды

БЖЗҚ зейнетақы активтері 28 трлн теңгеден асты / Фото: Shutterstock

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) активтердің жалпы көлемі 28,08 млрд теңгеге жетті. Бул қаражатты Ұлттық Банк пен инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) сенімгерлікпен басқарып отыр.

Ұлттық банк қанша активті басқарады?

Ауқымды активтердің басым бөлігі Ұлттық Банктің басқаруында шоғырланған. Атап айтқанда, міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары (МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ) есебінен 26 786,27 млрд теңге қалыптасты.

Ұлттық Банк бұл портфельдің 43,32%-ын ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырды. Сонымен бірге активтердің 38,37%-ы индекстік басқару шеңберінде шетелдік компанияларды тарта отырып инвестицияланды.

Қалған бөлігі квазимемлекеттік сектор облигацияларына (7,87%), ҚРҰБ депозиттеріне (3,71%), банк облигацияларына (2,57%), отандық акцияларға (2,07%), МҚҰ (0,97%) және шетелдік МБҚ-ға (0,41%) үлестірілді.

Портфельдің 59,00%-ы теңгеде, 41%-ы АҚШ долларында сақтаулы. Нәтижесінде соңғы 12 айдағы инвестициялық табыс 2,51 трлн теңгені құрап, кірістілік 10,29%-ға жетті.

Өз кезегінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 1 173,59 млрд теңге жиналды. Бұл активтер тек ұлттық валютадағы қаржы құралдарына бағытталған.

Қаражаттың 88,17%-ы ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ-на, 8,74%-ы ҚРҰБ депозиттеріне, 3,08%-ы РЕПО операцияларына және 0,01%-ы инвестициялық шоттарға орналастырылды. Бұл бағыт бойынша соңғы 12 айдағы инвестициялық кіріс 122,77 млрд теңге болып, кірістілік 16,84%-ды құрады.

Жеке компаниялардың басқаруына берілген қаржы қанша

Ал жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) еншісінде 121,84 млрд теңге бар. Жеке компаниялар арасында «Сентрас Секьюритиз» АҚ 14,14 млрд теңге активті басқарып, соңғы 12 айда 18,66% рекор кірістілік көрсетті.

Бұл портфельдің 70,51%-ы теңгеде, 29,49%-ы долларда сақталған. Негізгі инвестициялары банк облигацияларына (22,70%), РЕПО-ға (16,24%), квазимемлекеттік (13,75%) және корпоративтік облигацияларға (13,63%) бағытталды.

«Alatau City Invest» АҚ сенімгерлік басқаруында 19,32 млрд теңге жинақталып, 12 айлық кірістілік 13,88%-ды құрады. Портфельдің 54,48%-ы долларда, 44,66%-ы теңгеде, 0,86%-ы өзге валютада ұсынылған.

Компания қаражатты ETF пайларына (31,79%), отандық акцияларға (14,57%), банк облигацияларына (10,80%), шетелдік МБҚ-ға (9,42%), корпоративтік облигацияларға (8,19%), квазимемлекеттік облигацияларға (6,24%), РЕПО-ға (4,99%), шетелдік корпоративтік облигацияларға (4,28%) және МҚҰ-ға (2,94%) инвестициялады.

«Halyk Global Markets» АҚ 6,95 млрд теңге активті басқарып, 12,37% кірістілік қамтамасыз етті. Активтердің 63,26%-ы теңгеде, 36,74%-ы долларда сақталуда.

Қаражаттың басым бөлігі шетелдік ETF пайларына (26,64%), квазимемлекеттік (17,64%) және банк облигацияларына (15,45%) салынды. Сонымен қатар кері РЕПО (10,39%), ҚРҰБ ноттары (7,04%), отандық акциялар (6,10%), корпоративтік облигациялар (5,91%), ҚР ҚМ МБҚ (5,58%) және шетелдік бағалы қағаздар (4,97%) қамтылған.

«Halyk Finance» АҚ ең ірі ИПБ ретінде 65,58 млрд теңгені сенімгерлікке алды. Компанияның соңғы 12 айдағы кірістілігі 11,69%-ды құрады. Портфельдің 64,89%-ы теңгеден, 35,11%-ы доллардан тұрады.

Негізгі инвестициялар банк облигацияларына (21,51%), квазимемлекеттік облигацияларға (14,17%), ETF пайларына (11,59%), мемлекеттік бағалы қағаздарына (8,10%), отандық акцияларға (7,67%), кері РЕПО-ға (7,32%) және корпоративтік облигацияларға (7,02%) бағытталған. Қалған бөлігі МҚҰ (4,39%), шетелдік корпоративтік облигациялар (4,19%) және ҚРҰБ ноттарынан (1,21%) құралды.

«BCC Invest» АҚ басқаруында 15,53 млрд теңге бар, оның 12 айлық кірістілігі 11,41%-ды құрады. Активтердің 67,76%-ы теңгемен, 32,24%-ы доллармен инвестицияланды. Басты бағыттары – мемлекеттік бағалы қағаздар (28,58%), банк облигациялары (20,35%) және квазимемлекеттік облигациялар (15,72%).

Портфельде отандық акциялар (9,00%), корпоративтік облигациялар (8,12%), MSCI ACWI индексінің ETF пайлары (5,55%) және шетелдік корпоративтік облигациялар (5,42%) бар.

«Tansar Capital» АҚ басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастап, 0,32 млрд теңге актив жинады. Осы қысқа мерзімдегі кірістілігі 1,84%-ды құрады. Активтердің 57,65%-ы долларда, 42,35%-ы теңгеде орналастырылған.

Инвестициялар РЕПО операцияларына (37,33%), MSCI ACWI және өзге де ETF пайларына (32,27% және 7,32%), сондай-ақ отандық акцияларға (4,71%) бағытталды.

Қазақстанда зейнетақы жинағының 100 пайызын жеке компаниялардың басқаруына беруге рұқсат етілмек. Қазір зейнетақы жинағының 50 пайызын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға беруге болады. Дегенмен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинағын жеке компанияларға беруне асықпаған жөн деген пікірде.