
Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2026 жылғы 24 шілдеде Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алып, салдарынан қаза тапқан», – деп мәлімдеді мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті
Еңбек инспекциясының мамандары оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Рудныйдағы «ERG Service» зауытында жұмысшы қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға 19 маусымда электрмен болат балқыту цехында болған.