Жаңалықтар

Қырғызстанда әуекомпаниялар хабарландыруды қырғыз тілінде дыбыстауға міндеттелді

Қырғызстанда әуекомпаниялар хабарландыруды қырғыз тілінде дыбыстауға міндеттелді / Фото: Shutterstock

Қырғызстанның Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі авиатасымалдаушыларға әуе кемелерінің бортында жолаушыларды ақпараттандыру кезінде мемлекеттік тілді қолдануды міндеттеді, деп хабарлайды Кабар.

Бұған дейін халықаралық рейстерде жолаушылар ақпаратты, әдетте, негізінен ағылшын және орыс тілдерінде, сондай-ақ, рейс орындалған мемлекеттің тілінде алатын. Енді олармен қатар елге және елден тыс жерлерге рейстерді жүзеге асыру кезінде Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілін қолдану да міндетті болады.

Жаңа талап Қырғызстанға халықаралық рейстерді жүзеге асыратын барлық авиакомпанияларға, соның ішінде барлық шетелдік авиатасымалдаушыларға қолданылады. Бұл шара мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, жолаушылардың өмірлік маңызды ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге және азаматтық авиация саласындағы қызмет көрсету стандарттарын одан әрі арттыруға бағытталған.

Яғни енді қырғыз тілінде жолаушыларға арналған негізгі хабарландырулар, соның ішінде авариялық-құтқару процедуралары бойынша нұсқаулықтар, ұшу қауіпсіздігі ережелері, ұшу, қону туралы ақпарат және рейс орындалуы кезінде қажетті басқа да хабарламалар міндетті түрде дыбысталуы тиіс.

Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстан «э» әрпінен бас тартып жатқаны туралы жазған едік.