
Жамбыл аудандық соты бұзақылық ниетпен ұрып-соғу дерегі бойынша бір әйелге қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың мамыр айында «Айша бибі» өткізу бекетінде болған. Әйел отбасымен бірге Қырғызстаннан оралып келе жатып, мемлекеттік шекарадан кезексіз өтпек болған. Кезекте тұрған әйелдердің бірі ескерту жасаған. Соның салдарынан екеуі сөзге келіп қалған.
Шекарадан өткеннен кейін жәбірленуші болған жайтты ұялы телефонына түсіре бастаған. Ол айыпталушының ұлының қолындағы телефонды қағып жіберіпті. Сол сәтте әйел жәбірленушіге жүгіріп барып, оның бетінен алақанымен ұрған. Жанжалды куәгерлер араласып, тоқтатқан.
Сотта айыпталушының кінәсі тараптардың жауабы, сараптама қорытындысы және бейнежазбалар арқылы дәлелденген.
Нәтижесінде сот әйелді Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Сонымен қатар жәбірленушінің пайдасына 300 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ал Алматыла жас баланы жерге алып ұрған ер адам анықталып, жауапқа тартылған болатын.