Жаңалықтар

Алматыда Тастыбұлақ өзенінің жағалауы көркейіп жатыр

Тастыбұлақ өзенінің көркейген жағалауы
Өзен бойында Тастыбұлақ ауданы орналасқан / фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының батыс аудандары арқылы ағып жатқан Тастыбұлақ өзенінің жағалауын көркейтіп жатыр.

Шаһар әкімдігінің мәліметінше, өзеннің екі жағалауымен жалпы ұзындығы 1,4 шақырымдық серуендеу алаңы салынады. Ол жаяуларға ыңғайлы.

Жағалау Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін көркейеді.

Тұрғындардың серуендеп, демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру көзделген. Жоба қаладағы қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Бұған дейін Алматыдағы Республика алаңы жөнделіп, субұрқақтар орнатылып, жаңа аялдамалар қойылған.