
FlyArystan әуекомпаниясы барлық ішкі және бірқатар халықаралық бағытына 15% жеңілдікпен екі күндік әуебилеттері сатылымын жариялайды.
Науқан 2026 жылғы 28 және 29 шілде күндері өтеді. Осы кезеңде жолаушылар 2026 жылғы 8 қыркүйек пен 21 қазан аралығындағы сапарларға арнайы тарифтер бойынша билеттер сатып ала алады.
Жеңілдік FlyArystan әуекомпаниясының барлық ішкі рейстеріне, сондай-ақ кейбір халықаралық бағыттарға қолданылады.
Атап айтқанда, Астана – Ташкент – Астана; Алматы – Самарқан – Алматы; Алматы – Үргеніш – Алматы; Алматы – Сиань – Алматы; Астана – Үрімші – Астана; Ақтау – Үрімші – Ақтау; Ақтау – Баку – Ақтау; Алания (Газипаша әуежайы) – Астана / Алматы және кері бағытта; Кутаиси – Алматы / Астана / Ақтау / Атырау және кері бағытта.
FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейін, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді. Әуекомпания қосымша қызметтерді билет сатып алу кезінде бірге рәсімдеуді ұсынады. Бұл жолаушыларға олардың құнынан 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мұның алдында FlyArystan Алматыдан Чунцинге тікелей рейс іске қосатынын жария етті.