Жаңалықтар

Хаби Алонсо Дастан Сәтбаевтың болашағы туралы сөз қозғады (Видео)

Chelsea FC, бильд-редактор: Дастан Шанай
Хаби Алонсо Дастан Сәтбаевтың болашағы туралы айтты / Фото: Chelsea FC, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ағылшындық «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаевтың болашағы туралы сөз етті. Бұл туралы ол «Челси» мен «Сидней арасындағы жолдастық кездесуден кейінгі брифингте сөйледі.

Бапкер журналист сұрағына жауап бере отырып, Дастанды бұрыннан бақылап жүргенін жасырмады.

⁠«Мен Дастанды өткен жылдан бері, Алматыдан танимын… Бүгін оның мүлдем басқа деңгейдегі футболшыға айналғанын көрдіңіздер. Ол қақпаға үнемі қауіп төндіреді, белсенді жүгіреді және ішкі флангалық шептерде өте шебер шабуыл жасайды», – деді Алонсо.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/07/whatsapp-video-2026-07-28-at-18.58.10.mp4

Дегенмен Алонсо Сәтбаевтың «Челсидің» құрамында қалуына қатысты нақты шешім қабылданбағанын да айтты. Оның сөзінше, шабуылдаушыларға қатысты шешімді қабылдауға ол орынға көп адамның таласуы, сонымен қатар, ойыншылардың жарақаттануы қиындық тудырып тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, гол соққаны туралы жазған едік.