Lifestyle

Қалың малы 15 млн: Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

Алтынай Жорабаева қызын ұзатты / фото: видеодан скрин

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Алтынай Жорабаеваның шаңырағында үлкен қуаныш. Өнер иесі қызын ұзатып жатыр. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, ерекше сәттерден видео жариялады.

Құдалық пен сырға салу рәсімі өтті

Әншінің айтуынша, құдаларды қарсы алу, құдалық және дәстүрлі сырға салу рәсімдері өтті. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан құдалардың алып келген сый-сияпаты көрерменнің назарын аударды. Жаңа құдалардың алып келген қалың малы 15 000 000 теңге.

«Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір сыйына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!», – деп жазды әнші.

Сырға салу мен құдалық рәсімдері аяқталғанымен, негізгі ұзату тойы әлі алда. Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері әншінің отбасына ақ тілектерін жаудырып, жастарға бақыт тілеп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін әншілер Жанболат пен Жазира келін түсіріп, құдаларына 10 млн теңге қалың мал берген еді.