Жаңалықтар

Қытай инвесторлары Тараздағы зауыттың құрылысына 61 млрд теңге салады

Қытай инвесторлары Тараздағы зауыттың құрылысына 61 млрд теңге салады
Қытай инвесторлары Тараздағы зауыттың құрылысына 61 млрд теңге салады / фото: unsplash.com

Таразда ірі металлургия зауытының құрылысы басталды. Жобаны «Тараз өндірістік комбинаты» ЖШС мен Қытайдың «Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd.» компаниясы бірлесіп жүзеге асырады.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа кәсіпорын «Тараз» индустриялық аймағының аумағында салынып жатқанын хабарлады.

«Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd.» директоры Чжоу Циньхуэйдің айтуынша, жобаға құйылатын инвестиция көлемі 61 миллиард теңгені құрайды.

Кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде жылына 1 миллион тоннаға дейін металл өнімін шығаратын болады. Оның қатарында болат рулондары, тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар, дәнекерленген және мырышталған құбырлар, арматура және басқа да металл өнімдері бар.

Зауыттың бірінші кезеңін 2028 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланған. Құрылыс жұмыстары кезінде 500 жұмыс орны ашылса, кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 260 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Жамбыл облысының инвестициялық портфеліне жалпы құны 5,6 триллион теңге болатын 116 жоба кіреді. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 20 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Биыл облыста жалпы құны 471 миллиард теңге болатын 47 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда солардың бесеуі жұмысын бастады.