
Бүгін, 28 шілдеде лондондық «Челси» Австралияның Сидней қаласында маусымашар турне аясында жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерс» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Тартысты ойын Қазақстан уақытымен сағат 14:45-те басталады.
Дастан Сәтбаевтың халықаралық дебюті
Бұл кездесу отандық футболсүйер қауым үшін ерекше маңызға ие. Себебі «Челсидің» тізіміне енген қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев ағылшындық гранд сапында алғаш рет халықаралық деңгейдегі ресми жолдастық матчта алаңға шығуы мүмкін.
Осыған дейін жас форвард Кобхэмдегі клуб базасында өткен «Кроули Таунға» қарсы жабық кездесуде ғана бағын сынап үлгерген еді.
Хаби Алонсо командасының жоспары
Хаби Алонсо бастаған лондондықтар бұл турнеде бірқатар мықты қарсыластармен күш сынасады. Олардың ішінде: «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан», малайзиялық «Джохор» және испаниялық «Реал Сосьедад»
Ойынның тікелей трансляциясын сағат 14:45-те мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
Оқи отырыңыз: «Челси» Дастан Сәтбаевты ресми түрде қашан таныстырады.