Жаңалықтар

Алматыда КамАЗ пойызбен соқтығысты

Алматыда КамАз пойызбен соқтығысты / Фото: Видеодан скрин

Алматының Түрксіб ауданында жүк автокөлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, маневр жасау кезінде КамАЗ теміржол өткеліне шығып кеткен. Сонда ол тоғыз вагоны бар пойызбен соқтығысқан.

«Апат салдарынан КамАЗ жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жүк автокөлігі елеулі механикалық зақымдар алды. ЖКО фактісі Түрксіб ауданының басқармасында тіркелді», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ЖКО орнын тексеріп, апаттың схемасын құрды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда теміржол станциясының қызметкері жұмыс орнында қайтыс болған еді.