Қоғам

Мьянма, Камбоджа мен Лаоста құлдықта болған 17 азамат елге қайтарылды

рабство
Бұл туралы СІМ хабарлады / Фото: Shutterstock

Жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста құлдықта болған 17 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Kazinform жазды

«2026 жылдың 20 мамырындағы дерек бойынша Таиландтағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған. Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық қайтарылған», – деп хабарлаған сыртқы істер министрлігі.

Одан бөлек 2022 жылдан бері шетелден түрлі жағдайға тап болған 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.

Айта кетейік, Мьянма жағалауында екі қайықпен сапарға шыққан 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті.