Қоғам

Қырғызстан мен Тәжікстан қазақстандықтарға 110 грант бөлді

Құжатты 5 тамызға дейін тапсыру қажет/фото: kursiv.media архиві

Қазақстандық талапкерлер 5 тамызға дейін Қырғызстан және Тәжікстандағы оқу орындарына грант ұтып алуға құжат тапсыра алады. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы хабарлады

Елдің Ғылым және жоғары білім министрлігі шет елдермен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келген. Соған сәйкес Қырғыз Үкіметі 2026-2027 оқу жылына Қазақстан азаматтарына 10 білім беру грантын ұсынса, Тәжікстан жоғары оқу орындары қазақстандықтар үшін 100 білім беру грантын бөлді.

Құжаттарды «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға апарып тапсыруға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 76-90-76 (ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115, 301) нөміріне хабарласу қажет.

Айта кетейік, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша 177 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ы. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады

Одан бөлек 2026-2027 оқу жылында колледждерде маман даярлауға 140 мың грант бөлінді