Жаңалықтар

Рекорд: Дастан Сәтбаевтың видеосы 20 миллионнан астам қаралым жинады

Дастан Сәтбаев
фото: Chelsea

Лондондық «Челси» клубының ресми Instagram парақшасында қазақстандық жас талант Дастан Сәтбаев түскен видео қысқа мерзім ішінде желіде миллиондаған қаралым жинап үлгерді.

Видео қазірдің өзінде 20 млн-нан астам қаралым жинап, лондондық клубтың ең танымал контенттерінің біріне айналды.

Комментарий бойынша рекорд

Видеоның ең басты ерекшелігі белсенділік пен пікірлер саны. Бүгінгі таңда роликке 250 мыңнан астам пікір жазылып, клуб парақшасындағы абсолютті рекордты жаңартты. Бұл көрсеткішке әлемдік футбол жұлдыздарының видеолары да жете бермейді. Сонымен қатар ролик 1 миллионға жуық лайк жинап, 100 мыңнан астам рет бөлісілген.

Салыстырмалы көрсеткіштер

Дастанның бұл жетістігін жақсырақ түсіну үшін клубтың өзге трендтегі видеоларымен салыстырып көруге болады. Маусымаралық кезеңде жарияланған бапкер Хаби Алонсоның «Челсидегі» алғашқы жаттығу өткізген видеосы 14 млн қаралым жинаған болатын. Ал парақшадағы абсолютті қаралым рекорды былтырғы маусымда Жоао Педроның «Ноттингем Форест» қақпасына қайшылап тұрып тепкен голына тиесілі, ол видео 64 млн қаралым жинаған еді.

Қазақстандық жанкүйерлер мен желі қолданушыларының белсенділігі арқасында Дастан Сәтбаевтың гол соққан видеосы «Челсидің» әлеуметтік желідегі тарихында ең көп пікір жинаған видео ретінде тіркелді.

Еске сала кетейік, кеше 28 шілде күні Дастан Сәтбаев «Челси» сапында негізгі құрамда шығып, алғашқы голын соқты.