
28 шілде Жапонияның оңтүстігінде болған жойқын зілзала салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Санаэ Такаити мәлімдеді деп жазады BBC.
Жер сілкінісі болған Кумамото префектурасы билігінің мәліметінше, шамамен 10 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Сондай-ақ 37 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.
Қазіргі уақытта билік өкілдері із-түзсіз жоғалғандардың санын және қатты зақымданған сауда үйінің астында қалып қоюы мүмкін азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар премьер-министр Санаэ Такаити табиғи апат салдарынан бірқатар жол мен көпірлердің бүлінгенін хабарлады.
Айта кетейік, жерасты дүмпуі 28 маусымда Кюсю аралының ішкі бөлігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 16:27-де (Гринвич бойынша 07:27-де) тіркелді. Зілзала магнитудасы 7,1 балға жеткен. Салдарынан 150 000-нан астам тұрғынға қауіпсіз эвакуациялық пункттерге көшу туралы нұсқау берілді.