Жаңалықтар

Астанадан Қарағандыға шығар жол екі аптаға ішінара жабылады

Фото: kursiv.media архиві

Астанадан Қарағандыға шығаберіс жолдың бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі Астана–Қарағанды тасжолында жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты, 29 шілде мен 12 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген қозғалыс өзгерістерін ескеруге кеңес берді.

Еске салайық, осыған дейін Астанада Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген еді.