Жаңалықтар

1 тамыздан бастап LRT-да айлық жол жүру билеті қолданыла бастайды

LRT-дағы бір айлық жол жүру билеті 7 500 теңге болады
LRT-дағы бір айлық жол жүру билеті 7 500 теңге болады / фото: kursiv.media архиві

1 тамыздан бастап Астана тұрғындары LRT-да қатынау үшін бір айлық жол жүру билетін сатып ала алады. Бір айға арналған жол жүру билетінің бағасы – 7500, ал үш айға 20 000 теңге болып бекітілді.

LRT-мен бір рет жүру тарифі 200 теңгені құрайды. Сонымен қатар жолаушылар үшін шектеусіз тарифтер қарастырылған. Олардың бағасы 1 күнге – 500 теңге, 3 күнге – 1 500 теңге, 5 күнге – 2 500 теңге, 10 күнге – 4 000 теңге, 15 күнге – 5 000 теңге, 1 айға – 7 500 теңге, ал 3 айға – 20 000 ₸.

Сапар саны шектелген тарифтер:

  • 5 сапар – 900 тг
  • 10 сапар – 1 800 тг
  • 20 сапар – 3 500 тг
  • 30 сапар – 5 000 тг

Еске сала кетейік, Астанада LRT 16 мамырда салтанатты түрде ашылған. Сол сәттен бастап жеңіл рельсті көлік жүйесі 500 млн теңгеден астам табыс тауып, 3 миллионнан астам адамды тасымалдады.

Сонымен қатар 5 маусымда LRT атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді жеңіл рельсті көлік «Тарлан Астана» деп аталады.