Жаңалықтар

Алдағы үш күнде Астанаға аптап ыстық қайта оралады

Астанада аптап ыстық қайта көтеріліп келеді
Астанада аптап ыстық қайта көтеріліп келеді / фото: kursiv.media

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қатты ыстыққа қатысты ескерту жасады. 31 шілде күні елордада ауа температурасы күндіз 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

1 тамызға ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, 1 тамызда күн құбылмалы болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін.

Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы болса, күндіз 33-35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық күтіледі.

2 тамызға ауа райы болжамы

2 тамызда күн бұлтты болады. Түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы болса, күндіз сынап бағанасы 31-33 градусқа дейін көтеріледі.

Өрт қаупі сақталып отырған өңірлер

30 шілде мен 1 тамыз аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, сонымен бірге Қызылорда және Түркістан облыстарында қатты ыстық болады. Өрт тұтану қаупі бар.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі 30 маусымда республика бойынша болатын құбылмалы ауа райына қатысты ескерту жариялаған еді.