Жаңалықтар

Елдос Сметов Азия ойындарына қатысады: дзюдодан Қазақстан құрамасы жарияланды

фото: olympic.kz

2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтеді. Аталған дүбірлі бәсекеде дзюдо сайыстары 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылмақ.

Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен Азия ойындарында ел намысын қорғайтын дзюдошылардың толық тізімі бекітілді.

Ерлер құрамасы:

  • 60 кг: Елдос Сметов
  • 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев
  • 73 кг: Бақытжан Абдурахманов
  • 81 кг: Алмат Әділет
  • 90 кг: Айдар Арапов
  • 100 кг: Марат Байкамуров
  • +100 кг: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер құрамасы:

  • 48 кг: Әбиба Абужақынова
  • 52 кг: Меруерт Сәрсенова
  • 57 кг: Дана Әбдірова
  • 63 кг: Эсмигүл Куюлова
  • 70 кг: Ажар Асхат
  • 78 кг: Екатерина Токарева
  • +78 кг: Аида Тойшыбекова

Қазақстан дзюдо құрамасындағы Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерімен қатар жас балуандарға да сенім артылып отыр.

Құрамадағы Елдос Сметов 2024 жылы Париждегі олимпиада ойындарына алтын жүлде алса, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізген еді.