
Танымал фитнес-тренер Айтым Жақыповқа айыппұл салынды. Әлеуметтік желіде фитнес-тренердің жол қозғалысы ережесін бұзған сәті түсірілген видео жарияланды. Ол Астана көшелерінде көлікпен қарсы жолаққа шығып еткен.
Полицияның хабарлауынша, ер адамның жол белгілерінде көрсетілген талаптарды сақтамағаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айтым Жақыпов әлеуметтік желіде жол жүру ережесін бұзғанын мойындады және әрекеті үшін кешірім сұрады.
Бұған дейін Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирде балағат сөз айтқан блогер қамауға алынды.