
«ВКонтакте» және Telegram платформаларының негізін қалаушы Павел Дуров Ресей билігінің әрекеттеріне қатысты пікір білдірді.
Ол тағылған айыптарды мойындамады. Айтуынша, ол Ресей билігінің талаптарын орындамаған.
«Ресей мені Telegram платформасында жаппай бақылау жүргізу және цензура енгізу туралы талаптарын орындаудан бас тартқаным үшін «террорист» деп таныды. Ресей заңнамасына сәйкес, енді маған «интернетте ақпарат жариялауға» тыйым салынды. Ресей шенеуніктері интернеттен кімді шеттете алатынын шатастырып алған сияқты», – деп жауап бердіі өзінің Telegram парақшасында.
Айта кететін жайт, 2026 жылғы 29 шілдеде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі танымал кәсіпкерге халықаралық іздеу жариялады. Себеп – Ресей арнайы қызметтерінің пайымдауынша, Украина арнайы қызметтері Ресей аумағында диверсиялық-террористік әрекеттерді дайындауға, жаппай кісі өлтірулерді ұйымдастыруға және кибералаяқтық жасауға пайдаланған арналар, чаттар мен боттарды жоймаған.
30 шілдеде, Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі Павел Дуровты экстремистер мен террористер тізіміне енгізді.