Жаңалықтар

Елена Рыбакина бастаған теннисшілер Әлем кубогы үшін таласады

Елена Рыбакина начнет подготовку к Уимблдону на травяном турнире в Лондоне
Елена Рыбакина / фото: WTA

Қазақстан теннис федерациясы «Billie Jean King Cup» командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын әйелдер ұлттық құрамасын жариялады.

Биылғы әлем біріншілігі 22–27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы «Shenzhen Bay Sports Center Arena» спорт кешенінде өтеді. Әлемнің ең үздік құрамалары жиналатын дүбірлі додада еліміздің намысын WTA рейтингінің үздік ондығындағы жұлдыздар мен жас, келешегінен үміт күттіретін теннисшілер қорғайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:

  • Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2)
  • Анна Данилина (жұптық сында №6)
  • Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №81)
  • Жібек Құламбаева (жұптық сында №115)
  • Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде №735)

Құрама капитаны: Юрий Щукин.

Әлемдік рейтингте 7-орында тұрған Қазақстан құрамасы турнирдегі жолын 4-орындағы Испания құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Бұл ширек финалдық бәсеке 23 қыркүйек күні Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады. Ереже бойынша әрбір текетірес үш кездесуден (екі жекелей сын және бір жұптық матч) тұрады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы сәуір айында Астанада өткен тартысты кездесуде Канада құрамасын 3:1 есебімен ұтып, финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Ал «Billie Jean King Cup» кубогының қазіргі чемпионы – Италия құрамасы.