Lifestyle

Қалыңмалға 3 млн, құдаға Shoqan-нан костюм: Диана Скатованың ұзату тойы қалай өтті

фото: видеодан скрин

Желіде танымал блогер, тележүргізуші Диана Скатованың ұзату тойынан түсірілген кадрлар тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Ұзату тойына дейін өткен құдалықта, құдалар дәстүр бойынша сый-сияпат мен қалыңмалын тапсырды. Жиында сөз алған құдағи қалың малға 3 млн теңге алып келгендерін айтып, конвертті салтанатты түрде тапсырды. Одан бөлек, ана сүтінің ақысы ретінде 500 мың теңге берілді.

Сонымен қатар құдалық жора-жорғылары да назардан тыс қалмады. Ерекше сый-құрмет көрсетіліп, бас құдаға соңғы уақытта шу болып жүрген Shoqan брендінен костюм-шалбар кигізілді. Құдағиларға алтын бұйымдар тартылып, әрбір әшекейдің сертификаттарымен қоса бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Тележүргізушінің таңдауы Сұлтан Нұрбеков есімді музыкант жігітке түскен. Сұлтан – Диана өзі жүргізген танымал «Qos Like» реалити-шоуында өнер көрсеткен музыкалық топтың солисі.

Еске сала кетейік, жақында әнші Алтынай Жорабаева қызының ұзатуын жасап, қалыңмалға 15 миллион теңге алғаны айтылған еді.