Жаңалықтар

Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты

Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты/фото: Серикжан Ковланбаев

Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

«Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты», – деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, 28 шілде Жапонияның оңтүстігінде болған жойқын зілзала салдарынан 13 адам қаза тапты.  Жер сілкінісі болған Кумамото префектурасы билігінің мәліметінше, шамамен 10 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Сондай-ақ 37 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.