
1 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болып отыр.
Мұндай қауіп Алматы мен Балқаш қалаларында байқалса, ал Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында түн мезгілінде күшейеді деп болжанып отыр.
Оған желдің баяулауы, тымық ауа райы, тұман немесе температураның кері өзгеруі себеп. Салдарынан зиянды заттар жоғары көтерілмей, жер бетінде жиналып қалады.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді:
- Көшеде, әсіресе көлік көп жүретін жол бойында жүру уақытын азайту.
- Жүкті әйелдер, балалар мен қарттарға ұзақ уақыт серуендемеу.
- Тыныс жолдары, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға шалдыққан жандарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ұстау.
- Ашық ауада спортпен шұғылданатындарға жаттығуды уақытша жабық ғимаратқа ауыстыру.
Бұған дейін синоптиктер республиканың көп өңірінде қатты ыстық, найзағай, бұрұр және шаңды дауыл болатынын хабарлап, ескерту жасаған болатын.