Жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік борышы 38,5 трлн теңгеге жетіп қалды

Базарбек связал дефицит бюджета с долгами, взятыми в период Назарбаева
Мемлекеттік борыш көлесі қанша / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанның мемлекеттік борышы 38,5 трлн теңгеге жетіп қалды. АҚШ долламен есептегенде, 79 млрд доллардан асады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің есебінде жазылған.

Соның ішінде 36,8 трлн теңгесі – Қазақстан үкіметінің қарызы. 28,5 трлн теңге ішкі қарыз болса, үкімет сырттан 8,3 трлн теңге қарыз алған. Ішкі қарыздың басым бөлігі ұзақ мезімді қазынашылық қарыз.

Аймақтардағы әкімдіктердің борышы 2,8 трлн теңгеге жуықтады. Одан бөлек, 2,4 трлн теңге мемлекет кепілдік берген борыш бар.

Жалпы мемлекеттік борыш пен мемлекет кепілдік берген борыш сомасы 41 трлн теңгеге жуықтады.

Қазақстанның сыртқы борышы 182 млрд долларға жетіп, үкімет пен мемлекеттік компаниялар қарызы артып барады.