Жаңалықтар

Тоқаев Қырғызстанда өтіп жатқан UIM F1H2O чемпионаты кезеңінің ашылуына қатысты

Орта Азия лидерлері UIM F1H2O ашылу салтанатына қатысты / Фото: Ақорда

Қырғызстан тарихында тұңғыш рет су-моторлы спорт түрінен UIM F1H2O әлем чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы спорт мерекесі гран-при кезеңінің салтанатты ашылуына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысқан.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.

Бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.

Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.

Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.

 Бұған дейін Тоқаев Ыстықкөлдегі «Баку» қонақүйінің ашылу салтанатына қатысқан.