
Синоптиктер 3 тамызға арналған дауылды ескерту жариялады. Болжам бойынша, Астана, Шымкент және Қазақстанның барлық 17 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Елдің басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және екпінді жел (15–20 м/с, кей жерлерде 23–25 м/с) болжанады.
Қатты ыстық мына өңірлерде сақталады:
- Түркістан облысында – 40°С;
- Жамбыл облысында – 38°С;
- Атырау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Павлодар, Ұлытау облыстарында – 35–39°С.
Шаңды дауыл Атырау, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында күтіледі.
Өрт қаупі республиканың көптеген өңірінде жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Атырау, Түркістан, Қызылорда, Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл және өзге бірқатар облыстарда төтенше өрт қаупі жарияланған.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін. Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда кешке жаңбыр мен найзағай болжанып, Іле Алатауы тауларында қысқа мерзімді жаңбыр мен желдің күшеюі күтіледі.
Мамандар 1 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжаған еді.